Қазақстан мен Бельгия университеттері келісімдерге қол қойды

Қазақстан мен Бельгия университеттері келісімдерге қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда екі елдің Ректорлар форумына қатысты. Іс-шара білім беру мен ғылыми зерттеулерге жасанды интеллектінің әсері тақырыбын арқау етті. Қазақстан мен Бельгия жоғары оқу орындары жетекшілері академиялық, сондай-ақ оқу машинасын пайдалануға, жаңа технологияның ықпалына баса назар аударды. Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы аймақтық хаб, білім беру, зерттеулер және инновациялар бағытындағы ынтымақтастыққа арналған  алаң ретіндегі рөлі қарастырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша екі ел университеттері арасында бірқатар келісім мен меморандумға қол қойылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?