«Хроникадан болашаққа» республикалық кинокеруені Ұлытау көрермендеріне жетті. Мұнда Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай дайындалған төрт деректі фильм көрсетілді. Оның бірі – «Арал» туындысы. Картинада жарты ғасырға жуық ғұмырын балық шаруашылығына арнаған Күнтуған Тұрғынбаевтың өмірі баяндалады. Сол арқылы теңіздің тартылуы мен өңірдегі экологиялық ахуалдың жай-күйі баяндалған. Екінші картина – мемлекет басшысының Жапонияға сапары жайындағы «Қуатты серіктес» деректі фильмі. Бұл сапардан Қасым-Жомарт Тоқаев өте көп маңызды келісімдер жасап қайтқан болатын. Қос фильм де көрермен көңілінен шықты. Жезқазғандықтар назарына «Серт» пен «Жолбарыс» атты деректі фильмдері де ұсынылды.
Елтынды Дүйсенбаев, Жезқазған қаласының тұрғыны:
– Аралдың тағыдырын, ондағы адамдардың тағдырын аша
білген. Бір балықшыныңы кейіпкер ретінде алып, сол балықшымен барлық халықтың
жағдайын, тағдырын көрсеткен сол жердегі. Бұл енді Арала тағдыры – әлем тағдыры
деп айтуға болады. Бұл керемет көтеріліп отырған көкейкесті мәселе, тақырып.

