Лаос Президентінің Қазақстанға ресми сапары аяқталды. Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана халықаралық әуежайынан шығарып
салды. Естеріңізге сала кетейік, келіссөздер барысында Президенттер түрлі
салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Тараптар 4 меморандумға қол қойды. Келесі жылы екі ел дипломатиялық
қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеді және бұл ресми сапар өзара
тиімді әріптестікке серпін береді.

