Қазақстанда жасалған қатерлі ісікке қарсы препарат сынақтары ақтық кезеңге жетті

Қазақстанда жасалған қатерлі ісікке қарсы препарат сынақтары ақтық кезеңге жетті

Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы отандық жаңа препараттың клиникалық сынақтары ақтық кезеңге жетті. Ол қатерлі ісік жасушаларын оксидативті стресс арқылы жою тәсіліне негізделген. Мамандар қажетті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін дәрі құрамы мен мөлшерін зерттеуде. Дегенмен дәрінің тиімділігіне қатысты түпкілікті қорытынды пациенттерден алынған нәтижелерді талдағаннан кейін жасалмақ. Бұл әзірлеме мен онкология саласындағы өзге де ғылыми жетістіктер елордада өткен халықаралық ғылыми конференцияда талқыланды. Қатысушылар қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістеріне, соның ішінде тераностика мен иммунотерапияға ерекше назар аударды.

Дос Сарбасов, Назарбаев Университетінің профессоры, National Laboratory Astana бас директоры:

- Қазір біз дәл осы препараттың барынша тиімді әсер еткенін қалаймыз. Жалпы, жасушалардың өсуін, яғни пролиферациясын тежейтін дәрілік препараттар бұрыннан бар. Олар цитостатиктер деп аталады. Бұл цитотоксикалық препараттар қатерлі ісік жасушаларын жояды. Біздің мақсатымыз – қатерлі жасушалардың жекелеген түрлеріне бағытталған дәрі-дәрмек әзірлеу.  Қазір біз осы мақсатымызға қарай нәтижелі қадам жасап келеміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?