Қазақстандағы сайлау учаскелерінің қолжетімділігі тексерілді

Қазақстандағы сайлау учаскелерінің қолжетімділігі тексерілді

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі сайлау учаскелерін тексеру жұмыстарын аяқтады. Оның қорытындысы бойынша дайындықтың жоғары деңгейде екені атап өтілді. Бұл ретте мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беру үшін қажетті жағдай жасауға ерекше назар аударылған. Мәселен, Батыс Қазақстан өңірінде 2 300-ден астам сайлаушы ерекше жағдайды қажет етеді. Олардың ыңғайлылығы үшін дауыс беру күні, яғни 23 тамызда 55 инватакси, сондай-ақ сурдоаударма қызметі жұмыс істемек. Сонымен қатар, олар үшін сайлау учаскесі 1-қабатта орналастырылған. Бұдан бөлек өңірде 14 колл-орталығы бар. Telegram-бот және жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша дауыс беру учаскесін анықтайтын жүйе іске қосылған.

Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

- Басқа облыстарда көрмеген тәсіл, бұлар қаладағы үлкен сауда орталығында, аэропортта, теміржол вокзалында, арнайы бұрыштар ұйымдастырып қойған, ақпараттық киоск деп аталады. Жас сайлаушылар клубының өкілдері келіп сол жаңағы бұрышта халыққа хабарлама жеткізіп отыр, таратып. Қай күні сайлау болады, қандай құқығы бар екені, қалай өзін тізімнен табу керек екені, партия туралы мәліметтер, соның бәрін жастар өздері ұйымдастырып жатыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?