ҚР Вице–Президенті балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді айқындады

ҚР Вице–Президенті балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді айқындады

Вице-Президент балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы Президент бастамаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді. Жиында 2030 жылға дейін қабылданған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын тиімді іске асыру мәселелері талқыланды. Ерлан Қариннің айтуынша, соңғы үш жылда балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған 11 заң қабылданды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда кәмелетке толмағандарға қатысты ауыр қылмыстар санын 45 пайызға қысқартты. Мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы заң жобасы көмек жүйесін дамытуды жалғастырады. Оны қазір Мемлекет басшысының тапсырмасымен Құрылтай депутаттары әзірлеп жатыр. Вице-Президент құжат баланы қорғаудың нақты тетіктерін қамтып, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нақты айқындауға тиіс екенін атап өтті. Ерлан Қарин өңірлерде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы Президент тапсырмаларының орындалуын бақылауға бағытталған жиынды ай сайын жүргізуді тапсырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?