БҰҰ Қазақстанның әйелдер құқығын қорғау бағытындағы ілгерілеуін атап өтті

БҰҰ Қазақстанның әйелдер құқығын қорғау бағытындағы ілгерілеуін атап өтті

БҰҰ-ның сарапшылары Қазақстандағы әйелдер құқығын саралады. Женевада Ұйым комитетінің отырысында Қазақстан тиісті конвенцияның орындалуы жөніндегі баяндамасын ұсынды. Жиында сарапшылар еліміздің осы саладағы оң өзгерістерін атап өтті. Талқылау барысында зорлық – зомбылыққа қарсы күрес, әйелдердің шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейту және экономикалық дербестігін қамтамасыз ету түйіткілдері қаралды. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде тұратын әйелдердің, мүгедектігі бар әйелдердің және басқа да осал топтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстандағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева талқылау алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындағанын  айтты.

Снежанна Имашева, ҚР Отбасы мәселелері жөніндегі уәкілі – ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының өкілі:

- Олар қазақстанның әйелдерге қатысты жасалған зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізіп, кейбір қылмыстық баптарды қатаңдатқанынан хабардар. Сондай – ақ, сталкинг пен некеге мәжбүрлеу сияқты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік енгізілгенін құптады. Комитет негізгі мәселелерге нақты назар аудармақ. Қай тұста қосымша күш жұмсап, қандай шараларды күшейту керектігін көрсетеді. Қажет болған жағдайда жаңа заңдар мен бағдарламар қабылдап, стратегиялық саясатымызға түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?