Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Қазақстан Президенті қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және марқұмдардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды. Қанат Бозымбаев бастаған комиссия оқиға орнында жұмыс істеуде. Премьер-министр Олжас Бектенов Комиссия төрағасына қайғылы оқиғаның себептерін тергеп-тексеруді қамтамасыз етуді жүктеді. Айта кетейік, ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан 19 әскери қызметшіні теңіз алып кеткен. Қазіргі уақытта 9 әскери қызметшінің қаза тапқаны анықталды. Үшеуі құтқарылып, біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалған әскерилер әлі іздестіріліп жатыр. Оқиғаға байланысты Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Вице-президент Ерлан Қарин, құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай және қала әкімдігі көңіл айтты.

