Қазақстан неміс инвесторларын өңдеу өнеркәсібіне тартуда

Қазақстан неміс инвесторларын өңдеу өнеркәсібіне тартуда

Өңдеу өнеркәсібі Қазақстанда неміс инвесторлары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл туралы арнамызға берген сұхбатында Германия экономикасының Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс мәлімдеді. Оның айтуынша, неміс компаниялары Қазақстанды заманауи өндіріс орындарын ашуға, жаңа технологияларды енгізуге және Орталық Азия нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін алаң ретінде қарастырады. Бұл жаңа өнім түрлерін шығаруға және қазақстандық кәсіпорындарды халықаралық өндірістік тізбектерге қосуға жол ашады.

Михаэль Хармс, Германия экономикасының Шығыс комитетінің атқарушы директоры:

- Біз Президенттің айқын саясатын және нақты, әрі түсінікті стратегиялық басымдықтарды көріп отырмыз. Бұл – қазіргі тұрақсыз әлемде аса маңызды фактор. Саяси реформалардың батыл жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Бұл инвестициялық ахуалға деген сенімді нығайтады. Соңғы жылдары Қазақстанда экономикалық өсімнің өте жақсы қарқыны байқалады. Ол жыл сайын 5 пайыздан жоғары болып келеді. Өңдеу өнеркәсібіне салынатын инвестиция көлемінің де айтарлықтай артқанын көріп отырмыз. Өткен жылы бұл көрсеткіш 40 пайызға өсті. Менің ойымша, бұл – неміс бизнесі үшін басым бағыт. Өңдеу өнеркәсібі – неміс компаниялары өз орнын таба алатын сала. Біз Қазақстанда осы мүмкіндікті жүзеге асыруға үміттіміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?