Дарбаза – Мақтарал бағытында қозғалыс жыл соңына дейін ашылады

Дарбаза – Мақтарал бағытында қозғалыс жыл соңына дейін ашылады

Жыл соңына дейін «Дарбаза – Мақтарал» теміржол желісі бойынша жұмыс қозғалысын ашу жоспарланып отыр.  Жаңа шойын жолдың жалпы  ұзындығы 128 шақырымға жуық.  Бүгінде жер жұмыстарының 98% орындалып, 105 шақырымнан астам рельс-шпал торы төселді. Қазан айында жер төсемін қалыптастыру, негізгі жолдарды салу және оларды түйістіру жұмыстары толық аяқталады деп күтілуде. Қазірдің өзінде 29 көпір бой түзеді.  129 су өткізгіш құбырдың 124-і монтаждалды. Жобаға 1800-ден астам жұмысшы мен мыңға жуық техника жұмылдырылған. Жаңа желі Қазақстан мен Өзбекстан арасында қосымша теміржол бағытын құрып,  Сарыағаш – Ташкент учаскесіне түсетін жүктемені азайтады. Сондай-ақ, теміржол желісінің өткізу қабілетін арттырып, Орталық Азия мемлекеттері бағытындағы транзиттік тасымалдар мүмкіндігін кеңейте түспек. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?