Қазақстан мен Түрікменстан экономиканың негізгі салаларындағы серіктестік аясын кеңейтуде. Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовпен бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады. Бұдан бөлек, тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға баса назар аударды. Мемлекет басшысы достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтіп, қонақжайлық танытқаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.

