Бүгін Қазақстанда жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы
өтіп жатыр. Ел бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша
таңғы сағат 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Оның ішінде
Қазақстанның 61 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынынан 79 сайлау учаскесі ашылды.
Заң шығарушы органда барлығы 145 мандат болады. Олар біртұтас жалпыұлттық
сайлау округі бойынша пропорционалды өкілдік жүйесімен бөлінеді. Құрылтайдағы бұл
орындарға 7 партия таласады. Олардан депутаттык мандаттар үшін барлығы 546
кандидат бақ сынауда. Сайлау барысын қазақстандық және халықаралық байқаушылар
бақылауда. 42 шет мемлекет пен 13 халықаралық ұйымның атынан 777 халықаралық
байқаушы тіркелген. Дауыс санау сайлау учаскелері жабылғаннан кейін басталады. Оның
түпкілікті нәтижесін Орталық сайлау комиссиясы 1 қыркүйектен кешіктірмей
белгілеуі тиіс.

