Қостанай облысында ірі жел электр станциясы салынады

Қостанай облысында ірі жел электр станциясы салынады

Қостанай облысында қуаты 1000 мегаватт болатын ірі жел электр станциясы салынады. Жоба аясында сондай-ақ 300 мегаватт электр энергиясын жинақтау жүйесін жабдықтау көзделген. Жобаға салынған инвестициялар көлемі шамамен 380 млрд теңгені құрайды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, құрылыс 2027 жылдың көктемінде басталады, ал станцияны пайдалануға беру 2029 жылдың соңына дейін жоспарланған. Жобаны іске асыру өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытып, қосымша инвестициялар тартуға және 750 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Станция Қазақстанның жасыл энергетикасы үлесін ұлғайтады. Баламалы энергия көздерін ескеріп, 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 15%, ал 2050 жылға қарай 50% дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Ержан Ертаев, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Қазақстан Республикасы Үкіметі аталған жоба бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қою жөнінде оң шешім қабылдады. Жоба аясында қуаты 1 мың мегават болатын жел электр станциясы және қуаты 300 мегаватт болатын қуат жинақтау жүйесі салынады. Құрылыс кезінде шамамен 700 жаңа жұмыс орыны ашылып, ал нысан пайдалануға берілгеннен кейін 50 жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Осылайша жобаны жүзеге асыру өңірдің экономикалық дамуына серпін беріп, энергетикалық инфрақұрлымның тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.   

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?