Қазақстан алғашқы АЭС құрылысы келісімшартына қол қойды

Қазақстан алғашқы АЭС құрылысы келісімшартына қол қойды

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы жобасы жаңа практикалық кезеңге өтті. Владивосток қаласында өткен XI Шығыс экономикалық форумы аясында «Қазақстан атом электр станциялары» мен «Росатомның» еншілес кәсіпорны – «Атомстройэкспорт» арасында елімізде атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Жобаны іске асыру ел үшін стратегиялық маңызға ие. Экономиканың, өнеркәсіптің, инфрақұрылымның, цифрландырудың және АІ-дің дамуына байланысты Қазақстанның сенімді әрі тұрақты электр энергиясына деген қажеттілігі кезең-кезеңімен арта түседі. АЭС құрылысы елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Бұған қоса жобаны іске асыру барысында жергілікті қамтуға, отандық кәсіпорындарды, мамандарды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді барынша тартуға ерекше назар аударылады. Бұл өз кезегінде атом энергетикасын одан әрі дамыту үшін отандық өнеркәсіпті жаңғыртуға, технологияларды игеруге, ұлттық құзыреттерді қалыптастыруға серпін беруге тиіс.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы:


 – Бұл жобадан Қазақстанға келетін пайда өте үлкен екенін атап өткен жөн. Бастысы қуат тапшылығы бар елдің оңтүстік өңірлерінде төмен көміртекті электр энергиясы көзін құруға жол ашылады. Бұл, өз кезегінде, жалпы Орталық Азия өңіріндегі энергия мен су жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондай-ақ атом электр станцияларына отын ретінде отандық шикізатты, яғни өзіміздің уранды пайдалану мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, «Росатом» корпорациясымен ынтымақтастықтың өзге де бағыттарын атап өтуге болады.  Бұл – жоғары білікті мамандар даярлау, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?