Астанада алғаш рет жолаушы мінген ұшқышсыз аэротакси сыналды
Астанада алғаш рет жолаушы мінген ұшқышсыз аэротакси сыналды
06.08.2026 07:46
Қазақстанда алғаш рет
бортында жолаушысы бар ұшқышсыз әуе таксиі көкке көтерілді. Астанада өткен
тарихи сынақ отандық көлік саласы үшін маңызды оқиғаға айналды. Бұл елімізде
заманауи авиациялық технологияларды дамытудағы жаңа кезеңнің бастамасы болмақ.
Ұшу «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі аясында ұйымдастырылды. Көрсетілім
барысында екі жолаушыға шақталған, тік көтеріліп-қона алатын электрлі әуе
кемесі пайдаланылды. Аэротакси сағатына 130 шақырым жылдамдықпен ұшып, бір
қуаттаумен 35 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады. Көлік министрлігінің
мәліметінше, алғашқы кезеңде шолу және туристік бағыттар іске қосылады. Ұшу
ұзақтығы 5-тен 30 минутқа дейін созылмақ. Бағыттар табиғи, мәдени және тарихи
көрікті орындардың үстімен өтеді.