Қазақстанда балаларды қосымша біліммен қамту көрсеткіші
90%-ға жетіп, 3,5 миллионнан астам бала өз қызығушылығы бойынша тәлім алды. Қосымша
білім беру үшін жан басына ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілген. Бұл
үйірмелердің қолжетімділігі мен адами капиталды дамытудың маңызды тетігі. Астанада
отандық үйірме жетекшілері қосымша білім
беруді дамытудың стратегиялық бағыттарын, оның мазмұны мен әдістемелік
тәсілдерін жетілдіру мәселелерін талқылады. Мамандар цифрлық технологиялар мен
жасанды интеллект мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушылардың осы бағыттағы үздіксіз
білім алу траекториясын дамытуға басымдық беріп отыр.
Станислав Котов, Қосымша білім беру және бала саулығы ғылыми-зерттеу зертханасының басшысы:
- Бізде көптеген бағыттар қамтылған, мысалы, түрлі
3D-шешімдер, цифрландырылған шешімдер, робототехника тағы да басқалары бар. Қосымша
білім алуан түрлі болатынын түсіну керек және балалардың өздері ұнатқан бағытқа
одан әрі бойлай түсуі үшін цифрландыруды әр салаға енгізу қажет. Өйткені біз
бүгін 5-10 жылдан кейін жаңа дағдылармен, жаңа жағдайда жұмыс істейтін
балаларды тәрбиелеп жатқанымызды қаперге алуға тиіспіз. Сондықтан оларға
шынымен де сұранысқа ие болатын дағдыларды ұсынуымыз керек.

