Астанадағы Азия кеңесінің штаб-пәтерінде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің бастамасымен Қарабақ тұлпарының мүсіні бой көтерді. Арт нысан Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі күніне орай тарту етілді. Қазақстанның бастамасымен құрылған ұйым бүгінде 34 жылдық белесін еңсеріп, жаңа даму кезеңіне қадам басып отыр. Төрт жыл бұрын Астанада өткен саммитте Азия кеңесін толыққанды халықаралық өңірлік ұйымға айналдыру міндеті қойылған еді. Осы бағытта атқарылған жұмыстар 15 қазанда Бакуде өтетін жетінші саммитте қорытындыланып, Әзірбайжанның ұйымға төрағалығы түйінделеді.
Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бас хатшысы:
- Азия кеңесінің 5 бағыты бойынша мардымды шаралар атқарылды. Оның ішінде, мысалы, жасылдандыру мәселесі, оның ішінде мына климатикалық саммит, оның ішінде жастар, әйелдер кеңестері құрылып, міне осындай жаңа тың жұмыстар атқарылды.
Алимирзамин Аскеров, Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісі:
- Қарабақ жылқысының бейнесі, жалпы біз үшін, әзірбайжандықтар үшін батылдықпен ерліктің символын білдіреді. Сондықтанда Астанадағы Азия кеңесінің штаб-пәтерінде бой түзеген бұл арт-нысан ең алдымен біздің елдеріміз арасындағы, яғни Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне мүше мемлекеттері арасындағы бауырластықтың нышаны іспетті.

