Е.Қарин: «Бейнеу – Сексеуіл» жаңа жолы Қазақстанның әлеуетін еселеп арттырады

Е.Қарин: «Бейнеу – Сексеуіл» жаңа жолы Қазақстанның әлеуетін еселеп арттырады

«Бейнеу – Сексеуіл» жолы Қазақстанның әлеуетін еселеп арттыратын және игілігін миллиондаған адам көретін жоба болмақ. Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірнеше стратегиялық маңызы бар жол құрылысы жобасының басталуын тарихи оқиға деп бағалады. Оның қажет екені жөнінде Мемлекет басшысы 2021 жылы Ақтауда өткен жиында айтқан болатын. Ал бұл төте жол оңтүстік және орталық өңірлердің шалғайдағы Маңғыстаумен байланысын айтарлықтай жеңілдетеді. Қасым-Жомарт Тоқаев салынатын жаңа жолдың облысаралық емес, аймақтық және құрлықтық маңызын ескере отырып, оны «Арал-Каспий магистралі» деп атауды ұсынды. Ерлан Қарин бұл жобаның бірнеше ерекшелігі мен маңызына тоқталды.

Ерлан Қарин, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

- Қазақстандағы негізгі жолдардың бәрі кезінде оңтүстіктен солтүстікке қарай салынған. Темір жолдардың да, автомобиль жолдарының да негізгі бағыты солай құрылған. Ал Мемлекет басшысы еліміздің транспорттық жүйесін түбегейлі өзгертіп жатыр. Өңірлерді көлденеңнен байланыстыруға назар аударып отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?