Құрылтай депутаттары Қазақстанның Өзбекстанмен және Пәкістанмен кедендік ынтымақтастық туралы келісімдерін ратификациялау жөніндегі заңдарды екі оқылымда қабылдады. Құжаттар жедел ақпарат алмасуды, тиісті ведомстволардың іс-қимылын үйлестіруді және заңбұзушылықтардың алдын алуды көздейді. Өзбекстанмен кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу туралы келісімге қол жеткізілді. Ал Пәкістанмен тауарлардың шығу тегі мен құны, экспорттық және транзиттік декларациялар алмасу қарастырылған. Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, келісімдерді ратификациялау шекара рәсімдерін жеделдетіп, жүк тасымалындағы кідірістерді жояды.
Мәди Такиев, ҚР Қаржы министрі:
- Бұл не береді? Ең алдымен, бизнес тәуекелдерін азайтады. Жүктерді шекарада ұстап, тексеру үшін түсіріп, қайта тиеудің қажеті болмайды. Құжаты талапқа сай болса, тауар әрі қарай жөнелтіледі. Әзірге Пәкістанмен тауар айналымы төмен. Оның көлемі артады деп үміттенеміз. Өйткені Пәкістаннан оңтүстіктегі үлкен жүк ағыны өтеді.

