Вице-президент: Жолдауда стратегиялық маңызы бар жаңа бастамалар көтерілді

Вице-президент: Жолдауда стратегиялық маңызы бар жаңа бастамалар көтерілді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айқындалған стратегиялық басымдықтарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесін Вице-Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен талқылады. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының жүйелі өзгерістерге баса назар аударғанын атап өтті. «Халықтық құрылыс» міндеттері «халықтық цифрлық экономиканы» дамытумен тығыз байланысты. Вице-Президенттің айтуынша, мемлекет азаматтық инфрақұрылымды жаңғыртуға күш жұмылдырып, түйінді мәселелерді шешуге басымдық беріп отыр. Кездесу қорытындысы бойынша алдағы жұмыс бағыттары айқындалды. Партия фракцияларының жетекшілері Президент бастамаларын қолдап, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?