Сандық қауіпсіздік: Қазақстан жаңа буын технологияларын дамытуда

Сандық қауіпсіздік: Қазақстан жаңа буын технологияларын дамытуда

Каспий теңізінің жай-күйін мониторингілеуге арналған, мемлекеттік шекараны күзетуге, сондай-ақ стратегиялық маңызды объектілердің мониторингіне мүмкіндік беретін цифрлық және AI-шешімдер. Бұл мәселелер Астанадағы IT және қорғаныс компаниялары консорциумының халықаралық кездесуіндегі негізгі тақырыптардың біріне айналды. Кездесуге мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, еліміздің бірқатар өңірлерінің әкімдіктері мен қорғаныс кәсіпорындарының өкілдері жиналды. Қатысушылардың айтуынша, Қазақстан өз жабдықтарын шығаруды жолға қоюға ниетті. Алдағы үш жылда жергілікті өндіріс деңгейін 85%-ға дейін жеткізу көзделген. Сонымен қатар, отандық мамандар заманауи цифрлық технологиялармен жұмыс істеуге машықтанады.


Ержан Қалматаев, Халықаралық серіктес компания-консорциумның өкілі:


- Бұл осы бағытта қолданылатын әртүрлі датчиктерді де қамтиды. Әрине, бұл деректерді жасанды интеллект талдайды. Айталық, климаттың, су бассейнінің өзгеруі бойынша бағдарлама жасалды. Жиналған ақпарат бір орталыққа жіберіліп өңделеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?