Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін сайлау учаскесі туралы
ақпаратты онлайн түрде оңай әрі ыңғайлы тәсілдермен ала алады. Ол үшін
электрондық үкіметтің порталы немесе мобильді қосымшасын пайдалануға болады.
Сонымен қатар, Павлодар облысының тұрғындары үшін арнайы Telegram-бот іске
қосылды. «Сайлау учаскесін іздеу» сервисінде ЖСН-ді енгізу жеткілікті. Осыдан
кейін жүйе автоматты түрде сайлау учаскесін анықтап, оның мекенжайын көрсетеді.
Бұдан бөлек, қажетті ақпаратты 109 бірыңғай байланыс қызметі, қала және
аудандық колл-орталықтар, сондай-ақ әкімдіктердің ресми интернет-ресурстары
арқылы алуға болады. Айта кетейік, өңірде барлығы 522 сайлау учаскесі жұмыс
істейді.
Гүлсім Сүйіндікова, Павлодар облыстық сайлау
комиссиясының мүшесі:
- Учаскелік комиссия жұмысқа кірісті. Қазіргі уақытта сайлаушылар тізімімен жұмыс істеуде. 7 тамыздан бастап, сайлаушылар тізімімен таныса алады. Олар учаскеге келіп, жеке куәлігін көрсетіп, тізімде өздерін және өздері туралы деректі тексере алады.

