Қазақ қаламгерлерінің кітаптары Стокгольмдегі Нобель кітапханасына табысталды

Қазақ қаламгерлерінің кітаптары Стокгольмдегі Нобель кітапханасына табысталды

Қазақ жазушыларының 15 кітабы Стокгольмдегі Нобель кітапханасының қорына тапсырылды. Игі бастамаға қазақстандық журналист, ақын Дүйсәнәлі Әлімақын мұрындық болды. Ол Швеция академиясының шақыруын алған. Ғылыми сапарға өз кітапханасынан іріктеген  қазақ әдебиетінің жарқын үлгілерін ала барған. Бұл қатарда ағылшын тіліндегі Ұлы Абайдың шығармалары мен Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы, сондай-ақ Таласбек Әсемқұловтың испан тіліне аударылған «Талтүс» романы бар. Бұл – «Кітап оқитын ұлт» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақ әдебиетін халықаралық деңгейде танытуға жасалған маңызды қадам.

Дүйсәнәлі Әлімақын – қазақстандық журналист, ақын:

– Нобель кітапханасының кітапханашысы Ларстың айтуынша, мұндай игі бастама екі елдің тарихы мен мәдениетін сабақтастыратын өзіндік көпірге айналады. Сондай-ақ оның пікірінше, шетелдік оқырмандарға, әсіресе Швеция мен Солтүстік Еуропаның өзге де елдерінде қазақ әдебиетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?