Қазақстанда халықаралық технологиялық хаб пайда болуы мүмкін. Оны құру
перспективаларын Премьер-министр Network School Network School халықаралық
қоғамдастығының негізін қалаушы Баладжи Шрини-васанмен талқылады. Жобаны Ақмола
облысында одан әрі Alatau City қаласында жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ол
IT-мамандарды даярлауды, стартаптарды, технологиялық кәсіпкерлікті және AI
саласындағы жобаларды дамытуды біріктіреді. Жаңа алаң әлемнің түкпір-түкпірінен
әзірлеушілер, инженерлер, зерттеушілер мен кәсіпкерлер үшін тартымды орталыққа
айналады деп күтілуде. Кездесуде басқа да бастамалар, соның ішінде AI Film
Festival-ге Network School-дың қатысуы да талқыланды. Кездесу қорытындысы
бойынша Олжас Бектенов бейінді мемлекеттік органдарға бірлескен жобаларды іске
асыруға көмек көрсетуді тапсырды.

