Қ.Тоқаевтың жаңа кітабы қоғам назарында

Қ.Тоқаевтың жаңа кітабы қоғам назарында

Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жинағы әр қазақстандықтың төрінен орын алуға лайықты құнды еңбек. Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжан осылай деді. Кітапта еліміздің өткені мен бүгіні, келешегі, сондай-ақ жүргізіліп жатқан реформалар мен мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары қамтылған. Жинақтан «Біз кімбіз?», «Қандай ел боламыз?» деген маңызды сауалдарға жауап табуға болады. Айта кетейік, «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағына Президенттің 1994 жылдан бүгінге дейінгі таңдаулы сөздері, баяндамалары мен ой-толғамдары енгізілген. Олар мазмұнына қарай 21 арнайы бөлімге топтастырылған.

Жанарбек Әшімжан, ҚР Құрылтайының депутаты:

- Жасампаз ұлт идеясы, Әділетті Қазақстан, Заң мен Тәртіп те, Таза Қазақстан, бүкіл прогресс, еңбекқорлық, отансүйгіштік, осының барлығын түйіп айтқан кезде сол кітаптың ішінен , Мемлекет басшысының негізгі идеясын толық көруге болады.   

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?