Қ.Тоқаев Қазақстан-Бавария технологиялық форумында сөз сөйледі

Қ.Тоқаев Қазақстан-Бавария технологиялық форумында сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары Мюнхенде Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды. Мемлекет басшысының пікірінше, қазақ-герман экономикалық қарым-қатынасының келесі кезеңі озық технологиялармен, жоғары технологиялық өндіріспен және жаңа нарықтарды бірлесе игерумен байланысты болуға тиіс. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық компанияларды, ғылыми-зерттеу мекемелерін және даму институттарын бавариялық жартылай өткізгіштер өндірісінің экожүйесімен сабақтастыруға болатынын атап өтті. Қазақстан бұл орайда мыс, титан, алюминий, берилий, тантал, ниобий секілді элементтермен ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағдарының бойында өнеркәсіп және логистика хабтарын бірлесе қалыптастыруға шақырды. Бавария ауыл шаруашылығына арналған машина жасау, егін шаруашылығы, су үнемдейтін технологиялар салаларында озық құзыретке ие. Осыны ескере отырып, шағын үлгілі шаруашылықтарды дамытуға қатысты ортақ жобаны іске қосу ұсынылды. Мемлекет басшысы инвестицияға арналған бірегей алаң ретінде Alatau City жобасын таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорыта келе, Алматыда Бавария экономикасының өкілдігін ашуды ұсынды. Аталған мекеме Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да неміс кәсіпорындарының мүддесі үшін жұмыс істей алады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?