Қ.Тоқаев AI & Digital Bridge форумында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Қ.Тоқаев AI & Digital Bridge форумында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Астанада AI & Digital Bridge форумы алаңында Қазақстан Президенті бірқатар ірі әлемдік технологиялық және инвестициялық компания өкілдерімен кездесу өткізді. Оларда Екібастұзда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын жүзеге асыруға баса мән берілді. Мәселен Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA және Firebird-пен жасалған келісімдерді жүзеге асырудың маңызын NVIDIA вице-президенті Ревь Лебаредянмен кездесуде атап өтті. Бұл ретте Қазақстанда NVIDIA технологиясының базасында екі суперкомпьютер кластері іске қосылғанын айта кету керек. Бұдан бөлек, кадрлық әлеуеті және технологиялық экожүйені дамыту мәселелері қарастырылды. Рев Лебаредян еліміздегі жасанды интеллект инфрақұрылымының даму барысын жоғары бағалады.

Қазақстан Президенті General Atlantic төрағасы және бас директоры Уильям Фордты қабылдады. Компания «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасына қызығушылық танытып отыр. Оның аясында жасанды интеллектіге, «бұлттық» есептеулерге және цифрлық сервистерге арналған инфрақұрылым алаңы жасалады. Тараптар қаржы технологиясы, электрондық коммерция, бағдарламалық жасақтама мен АІ салаларына инвестиция құю мүмкіндіктерін қарастырды. Президент елімізде жаңа технологиялық экожүйе қалыптасып жатқанын айтты. Оның құрамына  Astana Hub, Alem.ai мен Qazaq AI Research University кіреді. Аталған экожүйені дамыту Higgsfield AI секілді әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті технологиялық компаниялардың пайда болуына септігін тигізеді.

Мемлекет басшысы БАӘ делегациясын қабылдады. Президент Presight AI компаниясымен суперкомпьютер инфрақұрылымы жобаларын іске асыру, Smart City және көлік қозғалысы бейнемониторингінің ұлттық жүйесін құру бойынша ықпалдастықты жоғары бағалады. Тараптар G42 компаниясының «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасына қатысу мүмкіндігін қарастырды.  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен БАӘ қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін Сухейл Әл-Мазруиді және Мансур әл-Мансуриді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?