Қазақстан мемлекеттік институттар мен қоғамдық диалогты дамытуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған реформалардың жаңа кезеңіне қадам басты. ЕуроОдақ бұл өзгерістерді жоғары бағалайды. Кәрі құрлық Ұйымы елімізбен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі. Бұл туралы Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич мәлімдеді. Еуропалық бизнес үшін түсінікті ережелер мен мемлекеттік органдар жұмысының тұрақтылығы маңызды. Осы орайда, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық байланыстар қарқын алып келетнін айта кету керек. Былтыр өзара тауар айналымы 45 млрд доллардан асты. Ал соңғы 20 жылда еуропалық компаниялар біздің экономикға 200 млрд доллардан астам инвестиция салған. Қазір энергетика, көлік, цифрлық технологиялар және аса маңызды ресурстар өндірісі салаларында бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Алешка Симкич, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі:
- Бізге Вице-Президенттің Премьер-министрмен және Үкіметпен жұмысын, сондай-ақ Құрылтай қызметін көру керек. Қазақстанда жаңа тағайындаулар да әлі жалғасып жатыр. Сондықтан Конституциялық өзгерістерді біз де сіздер сияқты жіті бақылап отырмыз. Қазақстанның демократиялық жолмен дамуын жалғастыратынына сенеміз.

