Шетелдегі қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беруде

Шетелдегі қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беруде

Кұрылтай сайлауында отандастарымыз Қазақстаннан тыс жерлерде де өз таңдауын жасауда. Шетелде алғашқы болып 26 сайлау учаскесі ашылды. Астана уақытымен түнгі сағат үште Жапония мен Оңтүстік Кореяда дауыс беру басталды. Одан кейін Қытай, Сингапур, Малайзия және Моңғолия қосылды. Сағат бесте Индонезия, Таиланд және Вьетнамда сайлау учаскелері ашылды. Араға бір сағат салып Ресей мен Қырғызстанда дауыс беру басталса, таңғы сағат 6:30-да Үндістанда сайлау учаскелері жұмысын өз жұмысын бастады.


Әлішер Әзімбаев, Цукуба университеті «Мемлекеттік саясат» мамандығының студенті:


- Бүгін осы сайлауға би кейіпінде келіп тұрмын. Жалпы саясат пен тарихтың байланысын, оның сабақтастығын көрсеткім келеді. Біз елдегі оң өзгерістерге сенеміз және сол өзгерістердің белсенді қатысушысы болуға дайынбыз.


Татьяна Жигалкина, ҚР азаматы:


– Біз Сиань қаласына Улинь Гунфу халықаралық фестиваліне қатысу үшін арнайы келдік. Біз қытайдың дәстүрлі жекпе-жек өнерімен  айналысамыз.  Іс-шараның өтетін күні Кұрултай сайлауымен тұспа-тұс келді.  Сондықтан дауыс беру үшін мұндағы Бас консулдыққа келдік.


Ерболат Ахмедьяров, «Астана Опера» театрының дирижері:


- Бүгін мынау Құрылтайда дуаыс беру болып жатыр. Мен үшін бұл өте маңызды іс-шара деп білемін, азаматтық борышымын деп білемін. Қазір шетелде жүрміз. Шетелде бірінші рет дауыс беріп жатырмыз. Қазақстан елшілігіне келіп.

Жалпы, Қазақстанның шетелдегі өкілдіктері жанынан 61 елде 79 сайлау учаскесі құрылды. Шетелдегі сайлаушылар тізіміне 11 мыңнан астам азамат енгізілген. Ресейде отандастарымыз Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань, Омбы және Қазан қалаларында дауыс бере алады. Германия мен Түркияда әрбірінде төртеуден, АҚШ пен Қытайда үшеуден, Беларусь, Сауд Арабиясы және БАӘ екі-екіден сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?