Қазақстан Президенті Жолдауынан кейін өткен кезекті отырыста Құрылтай депутаттары алдағы заң шығару жұмысының негізгі бағыттарын айқындады. Бұл қатарда ел экономикасыны дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, энергетика мен көлік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері бар. Ендігі кезекте депутаттар Мемлекет басшысының бастамаларын заңнамалық тұрғыдан сүйемелдеуді қамтамасыз етіп, Жолдаудың негізгі басымдықтарын халыққа түсіндіруі тиіс.
Айбек Дәдебай, ҚР Құрылтайының төрағасы:
– Ол - жаңа Конституция қабылданып, бүкіл саяси жүйе жаңғыртылғаннан кейінгі алғашқы Жолдау. Енді Мемлекет Басшысы жаңа саяси институттардың алдына нақты міндеттер қойып отыр. Бұл – жүргізіліп жатқан реформаларды нақты мазмұнмен байыта отырып, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Президентіміздің басты назарында әрдайым адам, оның әл-ауқаты және өңірлерді дамыту мәселелері тұр. Депутаттық корпус Мемлекет Басшысының барлық тапсырмасын сапалы әрі уақытылы орындау үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

