Алматыда AI мен IT-саласын дамытуға арналған екі ірі орталық ашылады

Алматыда AI мен IT-саласын дамытуға арналған екі ірі орталық ашылады

Алматыда жасанды интеллект пен IT-бизнесті дамытуға арналған екі ірі орталық ашылмақ. Олар білім беру, ғылыми әзірлемелер, стартаптарды қолдау бағыттарын қамтиды. Алғашқы жоба - Almaty AI Hub. Оған лайықталып аумағы 9 жарым мың шаршы метрден асатын ғимарат қайта жаңғыртылмақ. AI мектебі, коворкинг, стартаптарға арналған кеңселер, конференция залдары және робототехника алаңы ашылады. Екінші кешен -  Almaty AI Park жаңа технологияларды әзірлеп, сынақтан өткізу алаңына айналады. Мұнда зертханалар мен IT саласына мамандар даярлайтын университет орналасады. Кешеннің бірінші кезеңін 2027 жылдың желтоқсанында, екіншісін келер жылы пайдалануға беру жоспарланған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?