Биылғы 9 айда Қазақстан экономикасы 4,2% өсті. Бұл ретте құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік қызметтері және сауда қарқын алған. Олардың жалпы ішкі өнімнің артуына қосқан жиынтық үлесі 80% асады. Экономикалық өсім еліміздегі кәсіпкерлік қызметтің оң динамикасына ықпал еткен. Атап айтсақ, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны үштен бір бөлікке еселеніп, 3,2 млн-ға жеткен. Жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін кәсіпкерлер, яғни, қосымша құн салығын төлеушілердің саны 28% өсті. Инвестициялар өсудің драйвері болып қала беруде. Ағымдағы жылғы негізгі капиталға инвестициялар 16 трлн теңгеден асып, 7% өсті. Ал жеке инвестициялар 18% артық ұлғайғаны байқалады.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес,
алдағы 5 жылда инвестиция көлемін 3 есе ұлғайту көзделген. Осыған байланысты
технологиялар мен құзыреттерді енгізіп, жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік
беретін ірі инвесторларды іздеу және оларды елімізге тарту жұмысын күшейту
керек. «Инвестицияға тапсырыс» тетігін жетілдіру маңызды, ол Қазақстанның
ұзақмерзімді стратегиялық мүдделеріне сай келетін әрі ғылымды арқау еткен жаңа
буындағы өндірістердің драйверіне айналуға тиіс.

