Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловтың есебін тыңдады. Биылғы тоғыз айда елімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 14 жарым пайызға азайған. Мемлекетке 1 триллион 300 млрд теңгенің активті қайтарылды. Бұл қаражат 500-ге тарта әлеуметтік нысанның құрылысы мен жөндеу жұмыстарына бағытталды. Бас прокурор президент Жарлығын орындау аясында инвесторлардың құқықтарын қорғаудың жүйелі моделі қалыптасқанын баяндады. Жыл басынан бері 3 мыңға жуық инвесторға құқықтық көмек көрсетілген. Прокурорлардың сүйемелденуінде тағы 3 жарым мың инвесцитиялық жоба бар. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны «Цифрлық қадағалау» жүйесімен интеграциялау туындаған мәселелрді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқытарын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

