Халықаралық қауымдастық Қазақстанда қолға алынған
реформаларға және олардың нақты іске асырылуына жіті назар аударып отыр. Соның
ішінде бір палаталы Құрылтай сайлауының өтуіне үлкен қызығушылық танытуда. Бұл – Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды
кезең. Бұл туралы «New Lines» стратегия және саясат институтының аға директоры
Камран Бохари айтты. Оның пікірінше, жаңа модельге көшу шешім қабылдау үдерісін
жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, заң шығару үдерісінің
тиімділігін арттырады. Ал бұл елдің одан
әрі дамуы үшін аса маңызды.
Камран Бохари, PhD, «New Lines» стратегия және саясат институтының аға директоры, Вашингтондағы Таяу Шығыс саясаты жөніндегі кеңестің аға ғылыми қызметкері:
- Халықаралық қауымдастық үшін бұл тұрақтылық пен
ілгерілеудің белгісі. Мен бір палаталы парламент Құрылтай сайлауы – оң қадам,
бірақ бұл әлі жолдың басы ғана екенін атап өткім келеді. Яғни, бұл – Президент Қасым-Жомарт
Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан реформалардың кезекті
кезеңі. Бұл елеулі өзгеріс. Менің ойымша, мұндай тәсіл белгілі бір дәрежеде
басқару жүйесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Екі палаталы парламент
жағдайында осы үдерістер күрделене түседі. Ал палата біреу болған кезде жүйе,
әдетте, анағұрлым қарапайым әрі тиімді болады.

