Президент
Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет
басшысы бұл Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта
Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға
айрықша мән беретінін айтқан. Сондай-ақ жақында Брюссельге жасаған сапары
екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған. Президент Король Филипптің барлық игі
бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.

