ОСК Құрылтай сайлауы қорытындысын жарияланды

ОСК Құрылтай сайлауы қорытындысын жарияланды

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының қорытынды нәтижесін жариялады. Тізімге енгізілген 12 миллион 623 мыңнан астам сайлаушының 9 миллион 351 мың 539-ы дауыс берді. Осылайша, сайлауға қатысу 74,08% құрады. Сайлау қорытындысы бойынша 5 пайыздық шектен 7 саяси партияның бесеуі өтті. «Әділет» партиясы ең көп қолдауға ие болып, 71,17%-бен көш бастады. «Ауыл» партиясы - 6,26%, Respublica - 5,56%, «Ақ жол» - 5,21%, және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 5,11% дауыс жиды. Қазақстан халық партиясы мен «Байтақ» тиісінше, 3,11% және 1,07% дауыс жинап, шекті мөлшерді еңсере алмады. «Бәріне қарсы» нұсқасын сайлаушылардың 2,51% таңдады. Осылайша, жаңа бір палаталы парламенттен бес саяси күш орын алды. 145 депутаттық мандаттың қалай бөлінгенін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров нақты атады.


Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Депутаттық мандаттар саяси партияларға төмендегідей бөлінеді - Әділет партиясы - 110 мандат, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 8, Ауыл партиясы - 10, Қазақстанның Ақжол демократиялық партиясы - 8, Республика партиясы - 9. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?