Жасанды интеллект, роботты техника және экономикаға арналған цифрлық шешімдер. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge халықаралық ІТ форумы аясында перспективті отандық әзірлемелермен танысты. Мемлекет басшысына Qazaq AI Research University базасында жасалған AI-Enabled University моделі, Trusted Kazakhstan, ALFA жобалары, сондай-ақ Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді. Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» қоры мен Higgsfield AI компаниясының интеллектуалдық шешімдері бар. Президент «Деректерді өңдеу орталығы алқабын» дамыту жоспарымен де танысты. Ұсынылған әзірлемелер жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік басқарудың түрлі саласына енгізуді, отандық цифрлық инфрақұрылымды қолдауды және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуды көздейді.

