Шетелдегі қазақстандықтардың дауыс беруіне дайындық
жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетеньдер
шетелдегі сайлау учаскелеріне 20 тамызға дейін жеткізіледі. Қазақстанның 61
елдегі дипломатиялық өкілдіктері жанынан барлығы 79 сайлау учаскесі жұмыс
істейді. Республика аумағында және шетелде жалпы саны 10 мың 400-ден астам
сайлау учаскесі құрылды. Олардың орналасқан жері туралы ақпаратты электронды
үкімет порталы арқылы тексеруге болады. Еске салайық, дауыс беру жергілікті уақыт
бойынша таңғы сағат 7:00-де басталып, кешкі 20:00-де аяқталады. Әскери
бөлімдер, ауруханалар және дипломатиялық өкілдіктер сынды жекелеген учаскелерде
сайлау комиссиясы дауыс беруді мерзімінен бұрын аяқтай алады. Бұл сайлаушылар
тізіміне енгізілген азаматтар толық өз таңдауын жасаған жағдайда мүмкін болады.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық
сайлау комиссиясының төрағасы:
– Халықаралық байқаушылардың қатысуы саулау науқанының
ашықтығы мен жариялдығына мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердіңі
сақталуына ықпал ететінін тағы да атап өткім келеді. Және бұл біздің халықаралық міндеттемелерге
бейілділігіміздің, сондай-ақ, халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттермен сайлау
саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруымыздың бірден-бір дәлелі.
ТМД Байқаушылары Қазақстандағы сайлауалды науқанды бағалады
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды науқанның өту
барысына оң баға берді. Аралық есепте жеті партияның барлығына үгіт-насихат
жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдай жасалғаны айтылған. Оның ішінде дәстүрлі
және цифрлық алаңдар қарастырылған. Еліміздің барлық өңірінде жария іс-шаралар
өткізу үшін 4 мың 300-ден астам орын ұсынылды. Баспа үгіт материалдарына
арналған 8 мыңнан астам орын белгіленді. Байқаушылар сайлаушыларды
ақпараттандырудың цифрлық құралдарына да ерекше назар аударды. Олардың
қатарында Sailau AI, eGov, SMS-хабарламалар және банк қосымшалары бар. ТМД
байқаушылар миссиясы қорытынды бағасын 23 тамыздағы дауыс беру аяқталғаннан
кейін ұсынады.

