Қазақстанда
Құрылтай депутаттары сайлауына дайындық жалғасуда. 1 шілдеде сайлауды байқау
институты ашылған сәттен бастап Орталық сайлау комиссиясы халықаралық
байқаушыларды аккредиттеуге кірісті. Комиссия Үндістан, Малайзия және Өзбекстан
мемлекеттері өкілдерінің кезекті тобынан құжаттар келіп түскенін хабарлады.
Аккредитация басталғалы 86 шетелдік бақылаушы ресми мәртебеге ие болды. Олар
сегіз мемлекеттің және бес халықаралық ұйымның өкілдері.

