Alatau City-дің инвестициялық пулы 67 жобаға жетті,
инвестициялардың жалпы көлемі 7 млрд долларға жуықтаған. Бұл жөнінде ел Премьер-министрі
Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Алатау қаласы кеңесінің отырысында айтылды. Бүгінде болашақ шаһарында бірқатар
жаңа ірі жобалар пысықталуда. Олардың қатарында тұрақты авиациялық отын және
жасыл энергетика өндірісі, логистика, деректерді өңдеу және цифрлық инфрақұрылым
мен жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік кешені бар. Сондай-ақ Hyundai Motor
Company-мен бірлесіп смарт-ұтқырлық пен сутегі технологияларын дамыту жөніндегі
жекелеген уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қазіргі уақытта Alatau Crypto City-ді дамыту
аясында Tokenization by Default тұжырымдамасы дайындалды. Оған 43 халықаралық
және қазақстандық компания қызығушылық танытқан. 2026 жылдың соңына дейін
токенизация жобаларын іске қосу жоспарлануда, олардың жалпы көлемі 10 млн
долларға жетуі мүмкін. Кеңес отырысында қаланың инженерлік және көлік
инфрақұрылымын дамытуға назар аударылды. Бұл бағытта 26 жоба қарастырылған. Жалпы
бүгінде қаланы 2040 жылға дейін дамытудың стратегиялық мастер-жоспары және 2055
жылға дейінгі ұзақмерзімді жоспары әзірленуде.

