Қазақстан Президенті ТМҰ мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Қазақстан Президенті ТМҰ мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу өткізді. Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан  елдерінің құқық қорғау ведомстволарының  басшылары қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бұл беделді құрылыммен жан-жақты ықпалдастықты нығайтуға баса мән беріп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ тараптар қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Президен жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге назар аударды.  Ол соған қарамастан, әлем елдері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып жатқанын алға тартты. Осы мақсатпен Қазақстанда түбегейлі реформалар жүзеге асырылды. Жаңа Конституция қабылданып, елімізде саяси лауазым – Вице-Президент тағайындалды, Үкіметтің жаңа құрамы жұмысқа кірісті.Сонымен қатар Президент мемлекеттік басқару мен қауіпсіздікті сақтау құрылымындағы реформаларға  тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жаңа мемлекеттік орган – Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды. Бұл мекеме жаһандық және мемлекеттік ауқымдағы сын-қатерлерге жан-жақты талдау жүргізеді, ұлттық қауіпсіздік саласындағы жұмысты үйлестіреді. Сонымен қатар көп ұзамай жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесі жасақталады. Осылайша, еліміздегі билік тармақтары тұтастай жаңаруда. Ауқымды өзгерістер барлық саланы, соның ішінде құқық қорғау саласын да қамтиды.

Кубанычбек Омуралиев, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы:

-  Бүгін Сіздің басшылығыңызбен және көреген саясатыңыздың арқасында Қазақстан Республикасының барлық салаларында кең ауқымды реформалар жүргізілуде, біз оларға куә болып отырмыз. Жақында Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушылар миссиясы Қазақстанда жаңа Конституция қабылдау жөніндегі референдум мен Құрылтай сайлауын қадағалады. Олардың қорытындылары Қазақстанның бауырлас халқы елде дәйекті түрде жүргізіліп келе жатқан демократиялық өзгерістерді қолдайтынын көрсетті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?