KazHackStan 2026: Астанада цифрлық ортаны қорғау мәселелері талқыланды

KazHackStan 2026: Астанада цифрлық ортаны қорғау мәселелері талқыланды

Киберқауіпсіздік – деректерді қорғау ғана емес, мемлекеттің және бизнестің цифрлық қатерлерге төтеп беру қабілеті. Астанада алғаш рет осы тақырыпқа арналған KazHackStan 2026 халықаралық конференциясы өтті. Екі күнге арналған іс - шара 7 елден 10 мыңға жуық қатысушының, 100 астам отандық және шетелдік спикердің басын қосты.  Жиында инфрақұрылым мен жеке деректерді қорғау, дипфейктер, әлеуметтік инженерия, сондай-ақ AI дамуымен байланысты мәселелер талқыланды. Конференцияны ұйымдастырушылардың бірі- қазақстандық TSARKA компаниясы.


Алексей Калинников, TSARKA компаниясының өкілі :


 -  KazHackStan конференциясының ұйымдастырушы ретінде біз тек Қазақстанда ғана емес, жалпы Орталық Азиядағы Cyber Security қауымдастығының дамуына тың серпін беріп келеміз. Біздің міндетіміз – азаматтарға қажетті білім беріп, кибергигиена деңгейін арттыру. Яғни, тапсырыс берушілерімізбен тиімді жұмыс істеп, олардың өз бизнесіне заманауи тұрғыда назар аударуына мүмкіндік беріп, киберқауіпсіздікке қатысты міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеміз.


KazHackStan конференциясының бір бөлігі – киберқауіпсіздікті нақты қолдану аясына арналды. Мамандар кибершабуылдарға қарсы тұрудың жаңа әдістерін талқылады. Сондай-ақ жиын барысында CyberKumbez хакерлік командалар байқауының ақтық сыны өтті. Бұдан бөлек, оқушылар арасында 2027 жылы Италияда киберқауіпсіздік жөніндегі халықаралық олимпиадада ел намысын қорғайтын ұлттық құрама іріктелді. Конференция аясында деректерді қорғау саласындағы отандық әзірлемелер де таныстырылды.


Батыржан Шақманов, CyberX компаниясының бас директоры:


- Біздің технологиялық шешім  компаниялар мен мемлекеттік органдарға ақпараттың сыртқа таралуының алдын алуға көмектеседі. Қазақстандағы киберқауіпсіздік саласы соңғы екі-үш жылда қарқынды дамып келеді.  Мұндай конференциялар киберқауіпсіздіктегі үрдісті, қандай шабуылдардың бар екенін және олардан қалай қорғануға болатынын түсінуге мүмкіндік береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?