Құрылтай сайлауына 650 астам халықаралық байқаушы тіркелді

Құрылтай сайлауына 650 астам халықаралық байқаушы тіркелді

Қазақстанда 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттары сайлауына халықаралық байқаушылар саны артып келеді. Орталық сайлау комиссиясы 7 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымның 405 өкілін аккредиттеді. Осылайша, бақылаушылардың жалпы саны 656 адамға жетті. Олардың ішінде шетелдік парламенттердің 120-дан астам өкілдері бар. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, аккредиттеуге өтініштерді қабылдау 17 тамызда аяқталады. Орталық сайлау комиссиясы өкілдері Құрылтайға алғашқы сайлау халықаралық қоғамдастықтың жоғары қызығушылығын тудырғанын атап өтті.


Мұхтар Ерман, ҚР ОСК төрағасының орынбасары:

- 3 тамызда біз шетелдік парламенттердің 74 депутатын аккредиттегенімізді ескере отырып, бүгінде біз Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы атынан өкілдік ететін 29 депутатты аккредиттеуді ұсынамыз. Еуропаның 15 жетекші елінен өкілдер келген. Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясынан келген байқаушылар қатарында 3 елден 10 депутат тіркелді. Сондай-ақ, ТМД парламентаралық ассамблеясы құрамына кіретін парламент депутаттары бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?