Президент Жолдауын іске асыру жоспары 12 бағытты қамтиды

Президент Жолдауын іске асыру жоспары 12 бағытты қамтиды

2027 жылы Қазақстанда қаржы нарығын дамытудың бірыңғай стратегиясы қабылданды. Ол Қазақстан қор биржасы, Астана халықаралық қаржы орталығы және «Алатау» қаласының арнайы құқықтық режимі арасындағы ынтамақтастықты нығайтуды көздейді. Сондай-ақ мемлекеттік қазынашылық жүйесін толық цифрландыру жоспарлануда. Осы және өзге де шаралар Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасына енгізілген. Құжат 12 бағыт бойынша 96 іс-шараны қамтиды. Жоспар аясында «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске қосу көзделген. Бұдан бөлек, энергетика саласында электр станцияларын салу және қолданыстағыларын жаңғырту жұмыстары жалғасады. Цифрландыру бағытында елімізде үшінші суперкомпьютерлік кластер іске қосылып, AI мен блокчейн технологияларын қолдану аясы кеңейтіледі. Кәсіпкерлікті қолдау үшін жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий енгізу мүмкіндігі пысықталады. Президент бастамаларын жүзеге асырудың нақты тетіктері Үкімет отырысында талқыланды.

Олжас Бектенов, ҚР  Премьер-министрі:

- Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету,   өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік және энергетика инфрақұрылымын жаңғырту, әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне баса мән беруі керек. Заң жобаларын уақтылы әзірлеп, Құрылтай қарауына енгізу қажет. Жоспардың әрбір тармағын қаржыландыру мәселесін мұқият пысықтаңыздар. Басты міндет – іс-шаралардың барлығын тиімді әрі дер кезінде орындау.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?