Қазатомөнеркәсіп Үндістан және Қытай компанияларымен келісімшарттар жасасты

Қазатомөнеркәсіп Үндістан және Қытай компанияларымен келісімшарттар жасасты

Бүгін Қазақстан Президентіне Қазатомөнеркәсіп басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру іс-шаралары жөнінде баяндады. Бүгінде компания жалпы ауданы 1 мың шаршы шақырымнан асатын алты учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ перспективті Қызылту учаскесін барлау жоспарланып отыр. Бұған қоса отандық компания өткізу нарықтарын әртараптандыру арқылы халықаралық деңгейдегі позициясын нығайтып келеді. Биыл Үндістан мен Қытайдың ірі энергетикалық компанияларымен табиғи уран жеткізу жөнінде жаңа келісімшарттар жасалды. Мейіржан Юсупов Қазатомөнеркәсіптің ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту туралы да айтты. Компания уран өндірісінің тиімділігін арттыру және сирек әрі сирек кездесетін ілеспе металдарды алу технологиясын жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуде.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?