Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрландыру айы өтеді

Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрландыру айы өтеді

Қазақстанда 23 қыркүйектен бастап жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы басты оқиғаларды қамтитын AI MONTH – ауқымды іс-шаралар айы басталады. Бағдарламаны әлемдегі ең ірі хакатондардың бірі – HackAlem AI ашпақ. Онда ел экономикасының он бағытына арналған озық шешімдер ұсынылады. Жүлде қоры – 1 млн 100 мың доллар. Одан кейін KazHackStan және халықаралық C5+1 алаңы өтеді. Сарапшылар киберқауіптер, деректерді қорғау және АІ-ді реттеу мәселелерін талқылайды. Келесі ірі шара – елордада 1-3 қазан аралығында өтетін Astana AI Film Festival. Онда  жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдер ұсынылады. Байқауға 125 елден 8 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Фестивальдің жалпы жүлде және инвестициялық қоры – 2 млн доллар. Бағдарламаны AI & Digital Bridge форумы қорытындылайды. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен ірі технологиялық компаниялардың өкілдері, инвесторлар, стартаптар мен сарапшылар жиналады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?