Қазақстанда Вице-Президент және Премьер-министр тағайындалды

Қазақстанда Вице-Президент және Премьер-министр тағайындалды

Қазақстанның саяси жүйесінде жаңа лауазым пайда болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысына қатысып, Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстанның Вице-Президенті кандидатурасын жаңа бір палаталы Парламент депутаттармен келісті. Мемлекет басшысы бұл лауазымға Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ол мемлекеттік басқару жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеді, көкжиегі кең, тәжірибесі мол, отаншыл азамат деп айтуға болады. Ауқымды реформаларды сапалы іске асыруға белсенді түрде атсалысты. Мемлекеттің стратегиялық бағдарын, даму жоспарын жақсы түсінеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдағы партиялар фракциялары жетекшілерінің пікірін ескере отырып, Үкімет басшысы лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ол – мемлекетшіл, тәжірибелі, білікті азамат. Жауапкершілігін жақсы түсінеді. Бұған дейін Үкімет басшысы ретінде нәтижелі жұмыс істеді. Қазір еліміздің алдында ауқымды міндеттер тұрғанын жақсы білесіздер. Бұл мәселе бойынша Құрылтайдың тұңғыш отырысында толығымен айттым. Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналуда. Түрлі инфрақұрылымдық жобаларды қолға алдық. Алда әлі де көп жұмыс істелуі керек. 00:03:35:00  

Дауыс беру қорытындысы бойынша Вице-Президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасы, Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасы депутаттардың басым дауысымен қолдау тапты. Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураларды қолдағаны үшін Құрылтай депутаттарына ризашылығын білдірді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?