Орталық Азия әлемнің ең жылдам дамып келе жатқан
өңірлерінің бірі, мұндағы экономикалық даму қарқыны орташа әлемдік
көрсеткіштерден асып түскен. Мәселен, елдердің жиынтық Жалпы Ішкі Өнімі 550
млрд доллардан асты. Экономикамен бірге өзара алыс-беріс артқан. Соңғы 6 жылда
аймақ мемлекеттері арасындағы тауар айналымы 2 есеге артып, 12 млрд долларға
жетті. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 20 млрд. теңгеге дейін жеткізу
жоспарлануда. Ал, Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 8,5
миллиард доллардан асқан. Бұл өсім қарқынын еселеу мақсатында өңірде жаңа
жобалар іске қосылуда. Елдер сауда-логистикалық орталықтар мен бірлескен
өндірістер құрып, электрондық коммерция мен сандық нарықты дамытады.
Басымдықтар қатарында - көлік инфрақұрылымы да бар. Бірінші кезекте -
Транскаспий халықаралық көлік дәлізі мен жаңа теміржол бағыттарын дамыту
көзделген.

