Қазақстандық IT өнімдер әлем нарығына жол тартты

Қазақстандық IT өнімдер әлем нарығына жол тартты

Қазақстанның IT секторы ел экономикасының ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының біріне айналды. Отандық цифрлық өнімдер жаһан нарқын бағындыруда. Қазақстан Мемлекет басшысының 2026 жылға қарай IT-қызметтер экспортын 1 миллиард долларға жеткізу жөніндегі тапсырмасын мерзімінен бұрын орындады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1 миллиард 100 миллион доллардан асты. Жалпы, соңғы бес жылда қазақстандық IT-өнімдер экспорты 34 есе өскен.

Жолдас Саханов, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы:

- Бүгінде отандық шешімдер әлемнің 111 еліне экспортталады. Басым бағыттар АҚШ , Еуропа, Таяу Шығыс және Азия нарықтары. Экспорттан түскен табыс шетелдік цифрлық шешімдерді импорттауға жұмсалған 429 млн АҚШ долларынан 2 жарым есе астам жоғары болды. Тек, Астана Хаб қатысушыларының экспорты 2025 жылғы қорытындысы бойынша , 634 млн АҚШ долларына жетті. 537 компания шетелдік нарықтарға өнімдерін шығарып жатыр.

Қазақстан аумағында өз цифлық жобасын дамытуға ниетті компанияларға салықтық жеңілдіктер, заманауи инфрақұрылым және Google for Startups-пен бірлескен Silkway Accelerator тәрізді бірегей даму бағдарламалары қолжетімді.  Ендігі мақсат ІТ- экспортын 2029 жылға қарай 2 млрд долларға дейін жеткізу. 

Жансая Қалыбекова, Астана хаб қатысушыларының реттеу кеңсесінің директоры:

- Экспорт бағыттарынан айта кететін болсақ, ойын индустриясы, бизнесті автоматтандыру, білім беру жағынан және де қаржы технологиялар басым Python RPA күнделікті фунцияларды автоматтандыратын роботтарды компанияларға ұсынады. Бұлда да әлемдік нарыққа шығып жатыр. ZIMRAN компаниясы бар, оларда өздерінің Finelo (Финэйл) және Coursiv (Курсив) деген өнімдері арқылы қаржылық сауаттандыру, жасанды интеллект қолдану дағдыларын меңгеруге көмектеседі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?