Қазақстанда учаскелік сайлау комиссиялары жұмысын бастады

Қазақстанда учаскелік сайлау комиссиялары жұмысын бастады

Бүгін Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясында Құрылтай депутаттарының алдағы сайлауындағы бюллетен үлгісі таныстырылды. Ол екі жақты және көгілдір түсті. Бет жағында Мемлекеттік елтаңба және бюллетеннің атауы, сырт жағында - Орталық сайлау комиссиясы бекіткен тәртіппен саяси партиялардың атауы, сондай-ақ «Бәріне қарсы» деген жол орналастырылады. Бюллетеньдер бірнеше деңгейлі қорғауға алынады, олар сайлаушылар санына қарай 1% резервпен басып шығады. Учаскелерге жеткізу сайлауға үш күн қалғанда басталып, бір тәулік қалғанда аяқталады. Сонымен қатар, бүгін бүкіл ел бойынша Учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын бастады.


Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Бүгінгі күннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары республика бойынша өз жұмысына кірісті. Барлығы 10 мың 423 сайлау учаскесі. 4-17 тамыз аралығында мен және Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен, және аппарат қызметкерлерімен бірге еліміздің барлық 20 өңіріне инспекциялық сапарға шығамыз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?